Алматы облысындағы алапат өрт: 32 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының өрт сөндірушілері таңертең 8-де тұрғын үйде тұтанған өртті әлі сөндіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілішісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.



2017 жылғы 1 қазан күні таңғы 8 шамасында облыс орталығынан 120 км қашықтықтағы Жансүгіров ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп, №25 өрт сөндіру бөлімшесі  шұғыл түрде аттанған. 1959 жылы салынған 16 пәтерлі тұрғын үйдің ағаш шатыры толықтай дерлік өртеніп, екінші қабатқа өткен. Жылдам шаралардың арқасында 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген, жапа шеккендер жоқ.

Өрт шыққан жерден 30 шақырымдағы Сарқант ауылының бөлімшелері, қосымша түрде еркін ауысымдағы жеке құрам, Талдықорған өрт сөндіру жедел тобы жұмылдырылған. Өрттен үйдің шатыры, екінші қабаттағы 8 пәтер өртенген.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт шарпыған аумақ 440 шаршы метрді қамтыған, пәтерлердің өртенген аумағы жалпы - 347 шаршы метр.

Өрт 09 сағат 51 минутта ауыздықталған. Өрт болған жерде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашевтің, Алматы облыстық ТЖД бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Д.Е. Байсариевтердің басшылығында төтенше жағдайды ескерту және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар