Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Сексуалды зорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс» тобында хабарланды.

Еріктілердің жазуына қарағанда, зорлық көрген әйел 28 қыркүйек күні Есік қаласындағы ауруханадан шыққан.

«Туысқандарының айтуынша, оның жағдайы әлі де ауыр. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оның көзіне ота жасауға квота бөлді. Алайда, оның денсаулығы отаны көтеретін жағдайда емес. Оның басы мен денесіндегі ісік кеткен жоқ. Оның дене жарақаттары әлі де бар, бас ауруы басылмай отыр. Дәрігерлер бұл үш-төрт айға созылуы мүмкін екенін айтыпты. Туысқандары мұндай жағдайда оны ауруханадан шығару ерте деп санайтынын, медициналық емдеудің толық курсынан өтіп бітпеді деп санайтынын айтып отыр», деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

Зорлық көрген әйелдің ағайын-туыстарының айтуынша, қылмыскердің әлі де қолға түспей, қамалмағаны олардың ашу-ызасын туғызған. Алматы облысы ІІД-нің хабарлауынша, күдікті анықталды. Іс қазір ҚР ҚК 120-бабының 2 бөлімі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынған.
Еске сала кетейік, 21 қыркүйек күні Алматы облысының «Бәйтерек» ауылында 56 жастағы әйел зорланған болатын.

Бұл туралы зардап шеккен әйелдің туыстары әлеуметтік желіде хабарлаған. Олардың айтуынша, 56 жастағы әйел өзінің «Бәйтерек» ауылындағы үйінде аяусыз зорланған.

Соңғы жаңалықтар