Алматы облысында жол ережесін бұзбаған жүргізушілер марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі жолда қабылдау акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның мақсаты халықты қоғамдық және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бойынша құлақтандыру. Қоғамда құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастыру.

 «Бұл акция азаматтарға оларға қолайлы уақыт пен ыңғайлы жерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында консультативтік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді. Сол үшін біз өзіміздің мобильдік пункттерімізді облыстың тұрғындар көп шоғырланатын жерлеріне қойдық. Халықпен тілдесу жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша азаматтарда туындаған сұрақтарды талқылау түрінде өтті», - деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айжан Әлібайқызы.

Акция барысында облыс бойынша 1623 жүргізуші арасында сауалнама жүргізілді. Көлік басқару кезінде Жол жүру ережесін бұзу бойынша жауапкершілікке тартылмаған жүргізушілер ЖПҚ басшылығының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ жүргізушілерге жол жүру ережесін сақтауға шақыратын буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Бұдан басқа іс-шараға денсаулық сақтау ұйымының өкілдері де  қатысып, азаматтарға міндетті медициналық сақтандыру туралы айтты.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын осындай акцияға жиі қатысуға шақырады.

null 

Соңғы жаңалықтар