Алматы облысында жоғалған оқушылар компьютерлік клубтан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бес күн бойы іздеуде болған екі оқушы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 желтоқсан күні мектепке барып, үйлеріне оралмаған  балалар Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары. Із-түзсіз жоғалған  16 жастағы оқушының  бірінде қомақты қаржы болған. Ата-анасы несие төлеуге берген ақшаны балалар бес күн бойы  алаңсыз жаратқан. Ал оларды ауылдастары тәртіп сақшыларымен бірге іздеп, аяқтарынан тік тұрған. Жоғалғандардың суреттері аудан бойынша халық көптеп жүретін жерлерге ілінген.  Тіпті іздестіру жұмыстарына Алматы облысының жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың мамандары да жұмылдырылған.

 «Жоғалған оқушылар Талдықорған қаласындағы компьютерлік клубтардың бірінен табылды. Балалар өз түсініктемесінде ақшаның барлығын өз қажеттіліктеріне жаратқандарын және сол үшін ата-аналары ұрсады деп үйлеріне бармағандарын айтып ақталды. Қазір балалар ата-аналарымен бірге, деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ал бес күн бойы іздеуде болған балалармен  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың үйден қашып кетуі алғашқы жайт болмағандықтан олардың ата-аналарына да тиісті шара қолдану үшін іс  арнайы комиссияға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар