Алматы облысында жоғалған оқушы Алматыдан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында жоғалып кеткен оқушы Алматыдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 сәуірде із-түзсіз кеткен Әйгерім Усипбекованы тәртіп сақшылары Алматы қаласынан тапты. 14 жастағы оқушы бүгінгі күнге дейін құрбысының үйінде жасырынып жатқан.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметовтың айтуынша, жасөспірімді қазір тәртіп сақшылары Алматыдан алып келе жатыр.

«Оқушы ата-анасының қолына табысталады. Алдағы уақытта мұндай жайттарға жол бермеу мақсатында оқушымен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», - деді К.Нұрахметов.

Айта кету керек, Алматыда Алматы облысының 14 жастағы тұрғыны Малика Орақбаева жоғалып, оны іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар