Алматы облысында жергілікті мәслихаттарға 11 депутат сайланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  29 қазан күні Алматы облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір бойынша барлығы 35 адам кандидаттығын ұсынып, олардың 33-і ресми тіркелді. Сайлау қорытындысымен жергілікті мәслихаттарға 11 депутат сайланды. Олардың 10-ы «НұрОтан» партиясының мүшесі.

«59 811 адам дауыс берді. Сайлаушылардың келуі 94 процентті құрады. Сайланған 11 депутаттың 10-ы «Нұр Отан» партиясынан, біреуі Қазақстан коммунистері халықтық партиясының мүшесі», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов.

Сондай-ақ, Тимур Дәуітовтің айтуынша, науқан ойдағыдай өтіп, ешқандай келеңсіз жағдай тіркелмеген. Жалпы сайлау барысын 66 байқаушы бақылаған.

Соңғы жаңалықтар