Алматы облысында жекеменшік үйлерді ағын су басты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа температурасының көтерілуіне байланысты Алматы облысында қар еріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл аудандарында және Талдықорған қаласында көптеген үйді қардың суы басты», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде жергілікті атқару органдары және Алматы облыстық ТЖД арықтарды тазалап жатыр.

2018 жылғы 25 ақпанда Алматы облыстық ТЖД гарнизоны күшейтілген режимге көшті. 17 адамнан құрылған жедел топтар жоғарыда айтылған аудандарға су тасқынының салдарын жою үшін жіберілді.

null null  

24 ақпанда үйлер мен көшелерге суы тасудың 14 фактісі тіркелді. Әсіресе түстен кейін көп қар еріп жатыр. 25 ақпанда ТЖД телефонына су тасқыны туралы хабар келген.

ТЖД азаматтарға табиғат құбылысына түсіністікпен қарап, қар суының тасуының алдын алу үшін арықтарды және үйінің айналасын тазалауға кеңес береді.
null 

Соңғы жаңалықтар