Алматы облысында «Жауынгерлік бауырластық-2017» ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының «Іле» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2017» бірлескен оқу-жаттығуының соңғы кезеңі өтті деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрылуы, ҰҚШҰ-ның құрамына кірмейтін мемлекет аумағында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамасы бойынша өткізілетін бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі операция ауданында олардың өрістетілуі, бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде операцияны жүргізу, сондай-ақ бітімгершілік тапсырмаларды орындау кезінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері пысықталды. Оқу-жаттығудың белсенді фазасында бітімгершілік бөлімшелердің жеке құрамы іс жүзінде бақылау-өткізу және бақылау пункттерінде қызмет өткеру, жергілікті жер мен елді мекендерді патрульдеу, маңызды нысандарды күзету, жер мен нысандарды минасыздандыру, радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды жүргізу, өрт салдарын жою, жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы тұру, ізгілік жүктерді алып жүру, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. Ұжымдық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің командирлері бітімгершілік тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда, бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде операцияны жүргізу барысында бөлімшелерді басқару, өзара іс-қимылды ұйымдастыруда практикалық машықтарын жетілдірді. Оқу-жаттығудың ерекшелігі ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің мүддесінде авиациялық компонент, оның ішінде, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ психологиялық күрес және ақпараттық қарсы күрес бөлімшелері тартылды.







 Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ ҰБК поицейлер персоналының іс-қимылдарын БҰҰ Полиция департаментінің қоғамдық тәртіп жөніндегі кеңесшісі Джорджио Джиаймо қадағалап отырды. Сондай-ақ оқу-жаттығуға бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық және өңірлік ұйымдардың (БҰҰ, ҚКХК), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


 «Жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттықтыруларда офицерлер, сержанттар және сарбаздар жақсы практика және тәжірибе жинақтайды, өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндіктері бар. БҰҰ-ның әдістемелері мен стандарттары бойынша бейбітшілікті ұстап тұру жөнінде заманауи кешенді операциялардың өткізілуін ескере отырып, арналым бойынша іс-қимылдарға Ұйымның бітімгершілік күштерін дайындауды жетілдіру жүруде. Бүгін біз «Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы - бітімгершілік контингенттеріміздің бірлескен дайындығының негізгі кезеңін аяқтаймыз. Сіздерге оқу-жаттығу барысында көрсеткен жоғары кәсібиліктеріңіз, танытқан ынта-жігерлеріңіз бен керемет машықтарыңыз үшін алғыс білдіремін», - деді өз сөзінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

«Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуы «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының кезекті кезеңі болып табылатынын айта кету қажет. 2017 жылғы қарашаның 10-ы мен 20-ы аралығында Тәжікстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштері контингенттерінің тапсырмаларды орындауы шешуші кезең болмақ.

Соңғы жаңалықтар