Алматы облысында жаңа балабақша бой көтерді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл ауданының Үшарал қаласында 125 орындық балабақша ашылды. Ғимарат мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің негізінде бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа мекемеде бүлдіршіндер үштілді оқыту бағдарламасымен де білім алатын болады. Бүгінде ауданда балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетті. Ал балабақша кезегінде 200-ден аса бала тұр. Жауапты мамандар бұл көрсеткішті алдағы 2 жылда 100 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қаратал ауданында жаңа үлгідегі төрт учаскелік полиция пункті ашылды. Ескелді, Қарашеңгел, Кәлпе, Алмалы ауылдарындағы қызмет орындарының басты ерекшелігі тәртіп сақшысының үйі де, кеңсесі де бір ғимаратта орналасқан. Айта кету керек, жергілікті жерлердегі мұндай полиция учаскелері әзірге Алматы облысында ғана жүзеге асырылуда. Оған өңір қазынасынан 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген.

Соңғы жаңалықтар