Алматы облысында жалданып жұмыс істейтін шетелдіктердің саны артып отыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жалданып жұмыс істейтін шетелдіктердің саны артуда. Қазір көші-қон полициясы еңбек мигранттарын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Іле ауданының Төле би ауылында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына шетел азаматтары тартылыпты. Келімсектердің көбі өмір сүруге еш жағдай жасалмаған, суық әрі лас жерде тұрып-ақ жұмыс істеуге дайын. Себебі өз елдерінде екі қолға бір күрек табылмай отыр екен.
null

«Заң талабына сәйкес Қазақстанға Өзбекстаннан немесе басқа елден келген азаматтар заңды жұмыс істеуге рұқсат қағазын алу керек. Сол қағазда мерзімі көрсетілген, сол мерзімге сәйкес жұмыс істеу қажет», дейді Алматы облыстық көші-қон басқармасы қызметінің өкілі Тимур Ноғайбаев.

Тексеру нәтижесінде көші-қон полициясы бір топ шетелдік азаматты арнайы автобуспен ІІБ-не жеке басын анықтау үшін алып кетті.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес Өзбекстан азаматтарының еңбегі заңсыз деп танылса, олар және жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлеуге міндеттеледі. Тіпті мигранттар Қазақстан аумағынан шеттетілуі де мүмкін.

Соңғы жаңалықтар