Алматы облысында зейнеткерді қаққан көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында зейнеткерді көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Қазір 30 жастағы ер адамның  үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға  9 қаңтар күні «Алматы-Талғар» тас жолының 11-ші шақырымында болған. 66 жастағы азаматты көлік қағып, қашып кеткен. Зардап шеккен жәбірленуші жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Ал адам қаққан көлік арнайы тұраққа қойылды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталған күдікті Талғар ауданындағы Бесағаш ауылының тұрғыны екені анықталды. Іспен осы ауданның тәртіп сақшылары айналысуда. Ал зардап шеккен зейнеткер әлі ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар