Алматы облысында зейнеткер келінін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданының Абай ауылындағы жер үйлердің бірінен жас келіншектің мүрдесі табылды. Қанды оқиғаға басты күдікті ретінде қайтыс болған әйелдің қайын атасы ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті өз түсініктемесінде келінімен дастархан басында ішімдік ішіп, жанжалдасып, оның соңы кісі өліміне әкеліп соқтырғанын айтқан.

«Басты күдікті ретінде 75 жастағы зейнеткер ұсталды. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 99 бабы бойынша іс қозғалып, қамауға алынды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ал бірнеше пышақ жарақатынан қайтыс болған әйелдің артында үлкен қызы қалды.

Соңғы жаңалықтар