Алматы облысында заңсыз марал аулағандар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында заңсыз марал аулауға шыққан Қырғызстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасай шекара отрядына қарасты «Саты» заставасының шекарашылары Қазақстан Республикасы аумағында марал атуға шыққан екі Қырғыз елінің азаматын қолға түсірді.

«Ұсталған азаматтардан «Тигр» маркалы иір ойықты аңшы мылтығы 26 оқ-дәрісімен, «ТОЗ» ұңғылы мылтығы 13 оғымен, бәкі, ара және дүрбі тәркіленді. Сондай-ақ олардан 3-4 күнге арналған азық-түлік, аңшылыққа арналған заттар, киімдер, арқан және қаптар табылды. Ұсталған азматтар өздерінің аң аулауға емес, мал іздеуге шыққанын, ал Қазақстан аумағында жүргенін адасып кеткендігімен түсіндірді. Ал қару-жарақ пен оқ-дәрі ит-құстан қорғануға алып шықтық деп ақталған. Болған жағдай бойынша Қырғыз еліне тиісті ақпарат жіберілді. Сондай-ақ Райымбек ауданының құқық қорғау органдары да ескертілді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. 

Соңғы жаңалықтар