Алматы облысында заңсыз құлан атқан азамат сотталуы мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Алматы облысында қызыл кітапқа енген құланды атқан  азамат ұсталды. Кербұлақ ауданындағы  Қарашоқы ауылының 45 жастағы тұрғыны құлан етін бөлшектеп, тұздап жатқан сәтінде құрықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктіні  облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Алтын емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізген рейдтік шара барысында қолға түсірген. Ұлттық паркпен шекаралас аумақтағы шаруа қожалығында 45 жастағы ер адам құлан етін бөлшектеп, тұздап жатқан сәтінде құрықталған. Күдікті түсініктемесінде қызыл кітапқа енген жануарды атып алғанын айтқан.

null 

Оның үстінен ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, айғақ заттар сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, ер азаматтан еш жерде тіркелмеген ұңғылы мылтық тәркіленді. Полицейлердің мәліметінше, қызыл кітапқа енген жануарды  атқаны үшін оған 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы, 3 жылға бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.

null  

Соңғы жаңалықтар