Алматы облысында заңсыз қарақұйрық аулағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Ленд Крузер» маркалы автокөлікпен заңсыз аң аулап жүрген 4 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 17 қаңтарда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Алматы облысы Жамбыл ауданы Жусандала республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аумағында заңсыз аң аулағандардың жүргенін көріп қалған. Инспекторлар  «Тойота Ленд Крузер» маркалы автокөлікте жарық түсіргіш құралын (фара) қолдану арқылы заңсыз аң аулап жүрген жерінен Қарағанды облысының 4 азаматын құрықтады», - деп хабарлайды Сәкен Ділдахмет.

Автокөлікті тексеру барысында 6 қарақұйрық ұшасы мен басы, екі СКС мылтығы, 12 калибрлі аңшылық мылтығы, 12 калибрдің 20 оғы, СКС мылтығының 10 оғы және жарық түсіргіш құралы табылды. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар