Алматы облысында үздік мәдениет үйіне автокөлік сыйға тартылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында «Ауылым-алтын бесігім» байқауы басталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық Халық шығармашылығы орталығының директоры Ермек Долаңғаранов баспасөз брифингінде мәлім етті.

null
 
 Байқау облыс аумағындағы ауылдық мәдениет үйлері арасында өтеді. Мұндағы басты мақсат шалғай жатқан мәдени ошақтардың тамырына қан жүгіртіп, нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту. Ауылдық клубтарда еңбек ететін мәдениет қызметкерлерінің қабілет-қарымын шыңдап, жаңа есімдерді анықтау. Байқау 12 маусым  19 шілде аралығында жалғасады. Оған Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласынан 2-3 тен мәдениет үйлері қатыса алады. Үздік деп танылған мәдениет үйіне автокөлік сыйға тартылып, 20 мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.

Соңғы жаңалықтар