Алматы облысында үйінде қару ұстаған мемлекеттік қызметшінің басы бәлеге қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында үйінде қару ұстаған мемлекеттік қызметшінің басы бәлеге қалды. Қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін полицейлер оған айыппұл салған. Ол аздай шенеуніктің бұл әрекеті Әдеп кеңесінде қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Яғни, Еңбекшіқазақ аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Б.Бименовтің іс-әрекеті Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіндегі талаптарға қайшы болып отыр. Сол себепті аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне ветеринария бөлімінің басшысы Б.М.Бименовты «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс берілді. Ал Енбекшіқазақ ауданының полицейлері тексеру барысында қару мен оқтарды сақтау талаптарын сақтамаған Б.Бименовке ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салған болатын.

Сондай-ақ отырыста Қаратал аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй инспециясына қатысты мәселе қаралды. Олардың жұмысына экология департаментінің мамандары наразы. Шағымның түсуіне ауданның күл-қоқыс төгетін полигонындағы экологиялық талаптардың бұзылуы себеп болған. Әрі ол олқылықтарды жоюға мерзім де берген. Алайда, жауапты тұлғалар орынды талапты әлі күнге орындамай отыр. Әдеп кеңесінде мәлім болғанындай, жұмыс араға жыл салып қана басталған. Әдеп кеңесі төрағасының айтуынша, мемлекеттік қызмет сапасын көтеру үшін - бұрынғыша жазалаудан гөрі, профилактикалық шаралар нәтижелірек. Сондықтан, департамент алдағы уақытта аудан-қалаларға көшпелі мобильді топтар аттандырып, түрлі заңсыздықтардың алдын алу бағытында тер төкпек.

Соңғы жаңалықтар