Алматы облысында түрмедегі әйелге 6 елдің валютасы жіберілген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелеріне тыйым салынған заттарды жолдау арналарының ізін кесу жұмыстарының оң нәтижесіне қарамастан, оларды нысан аумағына өткізу әрекеттері тыйылар емес. Бұған бүгінгі жедел мәліметтер дәлел бола алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында қызымен кездесуге келген 62 жастағы әйел түрлі валютадағы қолма-қол ақшаларды алып өтпек болған. Оның заттарын тексеру кезінде сөмкенің ішінен ақшалар табылған. 30 мың теңгеден бөлек, АҚШ доллары, украин гривнасы, грузин лариі, египет фунты, гонгконг доллары тәркіленді.

Осы факті бойынша жиналған материал Алматы облысы Іле ауданы әкімшілік сотына жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар қаласындағы тергеу изоляторында сотталушыға жіберілген сәлемдемеден бал салынған пластик ыдысқа жасырылған ұялы телефон, құлаққаптар мен флеш-карталар табылды.  

Материалдар Павлодар әкімшілік сотына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар