Алматы облысында төсегінде жатып темекі шеккен тұрғын ажал құшты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек ауылында тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Мамандардың айтуынша, өртке төсекте жатып темекі шегу себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Есік қаласындағы №6 өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс пункітіне тұрғын үйдің отқа оранғаны туралы хабар сағат 09-00-де түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жау жайлаған орынға уақытында жетіп, өртті дер кезінде ауыздықтады.

«Оқиға орнынан үйдің иесі 1951 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Тұрғын үйді қарау барысында өрттің үй иесі жатқан төсектен басталғаны анықталған», - делінген баспасөз баянында.

null   

Айта кетерлігі, тексерулер барысында үй иесінің плевритпен науқастанатыны, ұзақ уақыт бойы төсекте жататыны да белгілі болды.

«Алдын ала қорытындылар бойынша өрттің шығуына төсекте жатып темекі шегу себеп болуы мүмкін. Дегенмен, оқиға орнында қазіргі күні Еңбекші қазақ ауданы ІІБ жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», - делінген баспасөз баянында.

Осыған байланысты, өртке қарсы қызмет төсекте темекі шегу - өрт қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзуға жататынын, оның адам өмірі үшін аса қауіпті екенін еске салады.

null  

Соңғы жаңалықтар