Алматы облысында төрт спорт алаңы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында ашық аспан астындағы Street Workout спорт алаңдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа алаңдар Талдықорған қаласының 3-ықшам ауданында, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде, Ақсу ауданының Жансүгіров атындағы кентінде және Сарқанд ауданының Сарқанд қаласында салынды.

Жаңа спорт алаңдары қазақстандықтарға тегін және кез келген уақытта спортпен айналысуға мүмкіндік береді. Барлық алаңдар қоссырық, турнирктер, пресске арналған орындар, түрлі жаттығуларды жасауға арналған қондырғыларымен жасақталған.    

Алматы облысы Street Workout федерациясының өкілі Айдос Кертаев өңір жастарының атынан ҚР ҰОК осындай сыйлық жасағаны үшін алғысын білдірді: «Бұл спорт алаңдары қаламызда спортты дамытуға жаңа серпін береді, Қазіргі таңда бспорт пен салауатты өмір салтын таңдаған көптеген жастар біздің қозғалысқа қосылып жатырр. Бізде спорт жарыстарын өткізуге, жастарды осы спортқа баулуға және Алматы облысында стритуоркаутты дамытуға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Осы алаңдар спорт алаңдары бос тұрмай, халықтың қарасы көп болатынын сеніммен айта алам», - деді ол.

Осылайша жастар арасында кең танымал әрі қолжетімді Street Workout спорты өз көкжиегін кеңейтуде. Екі жыл ішінде ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен еліміздің облыстары мен аудандарында 55 арнайы спорттық алаң тұрғызылды. Осының арқасында жастар спортқа бет бұрып, салауатты өмір салтын таңдады. Былтырғы жылмен салыстырғанда осы спортпен шұғылданушылардың саны 45% өскен.

«Street Workout алаңдарын еліміздің облыстарында орнату ҚР ҰОК арқасында мүмкін болып отыр. Біз, Қазақстандық «Street Workout» федерациясы халықтың десаулығын жақсартуды, салауатты өміп салтын насихаттауды мақсат етеміз. Қазіргі таңда арнайы спорт залдарына барып жаттығуға кейбір адамдардың жағдайлары болмай жатады. Олар ашық аспан астында ашылған осындай алаңдарға келіп, спортспен шұғылдана алады. Барлығы тегін әрі қолжетімді. Үлкен қалаларда, әсіресе шалғайдағы өңірлерде арнайы спорт алаңдарының ашылуы спортқа деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, жергілікті спортшылар биік белестерді бағындыру жолында осы жерлерде жаттығуларын жасауға мүмкіндік алады. Оларға қарап, жас спортшылар спортқа бет бұра бастайды. Қазіргі 21 ғасырда түрлі гаджеттерін қолдарынан түсірмей жүрген жастар, таза ауада жаттығу жасаса, алдағы уақытта біз кез келген салада қызмет жасайтын дені сау, психологиялық дайындығы жақсы адамдарды тәрбиелей аламыз», - дейді Street Workout федерациясының бірінші вице-президенті, осы спорттың жарқын өкілі Ислам Бадургов.

Мәселен, Ақтау қаласында Қазақстан ұлттық Олимпиадалық комитеті орнатқан спорт алаң бір жыл жұмыс істеп тұр.

«Біздің қаламызда стрит уоркаутпен көп жастар шұғылдана бастап, біздің қатарымызға қосылды. Аптасына үш рет кез келген адамдарға тегін жаттығулар өткіземіз. Барлық алаңдар бос тұрмайды. Не біздің спортшылар, не әуесқойлар жаттығуларын жасап жатады», - дейді Ақтаудағы қоғамдық жаттығуларды ұйымдастырушылардың бірі Дамир Нәбиев.

Осы уақытқа дейін арнайы Street Workout спорт алаңдары Алматы, Астана қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, ОҚО, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, БҚО, Атырау, СҚО, Алматы облыстарында орнатылды. Жобаны ҚР ҰОК, қазақстандық Street Workout федерациясы мен облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктер жүзеге асыруда.

 

Соңғы жаңалықтар