Алматы облысында таяқ жеген мұғалімдер полицияға шағымданды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында ата-анадан таяқ жеген мұғалімдер полицияға арыз жазды. Ал екі  ұстазды ұрған ата-ана да Іле аудандық ІІБ-не шағым түсірген,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған дерек бойынша мектептің екі мұғалімінен арыз келіп түсті. Мұғалімдерге қатысты оқушының ата-анасынан да шағым түсіп отыр. Қазіргі таңда дене жарақатын келтіру бойынша ҚР ӘК-ң 73 бабы бірінші тармағына сәйкес әкімшілік өндіріс жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалған», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында мұғалімді оқушының ата-анасы ұрып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Істің насырға шабуына 6-шы сынып оқушысының үйіне мұғалім ұрды деп шағымданып барғаны себеп болған.  Ал мәселенің ақ-қарасын анықтамаған жеткіншектің анасы мен әпкесі мектепке келіп, мұғалімді соққыға жыққан. Қазір таяқ жеген ұстаз Боралдайдағы ауруханада жатыр. Дәрігердің айтуынша, жәбірленуші маман бас ми жарақатын алған. Әріптесіне көмекке келген екінші мұғалім де қолын жарақаттап алған. Оқиға Іле ауданындағы Боралдай ауылындағы  №15 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепте болды.

Соңғы жаңалықтар