Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы болды.  Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның «Қазселденқорғау» ММ гидробекетінің байқаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында тау жыныстарының қозғалғанын анықтады», -  делінген хабарламада.

Тау жыныстарының жылжуы Көлсай көлі жағындағы бағытта байқалды. Осы орайда кезекшілік ұйымдастырылып, мамандар тартылды. Құрылыстардың бұзылуы оқиғалары мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар