Алматы облысында тағы бір басқарма басшысы ауысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Өткен аптада ғана білім басқармасына жаңа басшы тағайындалған еді, енді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының   басшысы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Жомарт Әмірханов  1981 жылы туған. C. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жетекші маман болып бастаған.

Әр жылдарда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы,  Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2013 жылдың қазан айынан Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

Ал, бұған дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  қызметін атқарған  Қожабаев Асқар Рамазанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Рамазанұлы аталған басқарманың басшысы болып жылдың басында ғана тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар