Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны басталды. Аталған шара  сәуір-желтоқсан аралығында эстафета принципі бойынша облыстың барлық аймағында өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адал жол - Честный путь» марафоны Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні - 9 желтоқсанда Талдықорған қаласында аяқталатын болады. Ал өз кезегінде марафонға қатысушы аудан, қалалар түрлі шаралар, атап айтқанда, байқаулар, семинарлар, пікірсайыстар, жайдарман ойындары, флешмобтар, автошерулер  өткізіп, арнайы жасалған «Адал жол - Честный путь» кітабы мен марафон байрағын келесі өңірге салтанатты түрде табыс етуі қажет.

nullДепартамент басшысы Серікбай Нұрғисаев жоғарыда аталған кітап пен байрақты Алакөл ауданына салтанатты түрде табыс етті. Бұл кітап әр өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы фотоесепті тіркеп, қысқаша ақпаратпен толығатын болады.

nullМарафонның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа оған деген нөлдік төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы жалпы қоғамның әр мүшесін жұмылдыру.

nullnull

Соңғы жаңалықтар