Алматы облысында суға батып кеткен мұғалімнің денесі табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында суға батып кеткен Абдурашид Хасановтың денесі табылмай жатыр. Ол Еңбекшіқазақ ауданындағы Авангард ауылында информатика пәнінің мұғалімі болатын. Артында үш баласы және жары қалды. Бүгін іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанына үш күн болады. Бірақ, әлі нәтиже жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шелек өзеніне батып кеткен 1984 жылғы Хасановтың мүрдесін табу үшін құтқарушылар «Бартоғай» су қоймасын жапқан.

«Оқиға орнында 4 сүңгуір мен 8 төтенше жағдайлар қызметінің мамандары іздестіру жұмыстарын жүргізуде», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында 1988 жылғы қыз бала суға батып, оны екі азамат құтқаруға тырысқан. Өкінішке орай, үшеуі де суға батып, өзеннен шыға алмай қалған.

Қыз баланың және 1995 жылғы жігіттің мүрдесі табылды. Енді құтқарушылар 1984 жылғы азаматтың денесін таба алмай жатыр. Суға батып кеткен адамдар бір-біріне туыс болып келеді.

Соңғы жаңалықтар