Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей салынады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысының Талғар ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей салынады. Бұл жөнінде өңір басшысы Амандық Баталов халық алдындағы есебінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы бюджеті  6 млрд теңгеге жуық 159 ірі шара мен жобалар ұйымдастырылады. Оның ішінде Панфилов ауданында «Орбұлақ» мемориалдық кешені,  Талғар ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей салынады», - деді Амандық Баталов.

Жалпы өткен жылы Алматы облысында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8 мың іс-шара ұйымдастырылып, 1 млн астам адам қамтылған.   Ал «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде іске асырылатын 218 жобаның 90 жобасы аяқталып, 6,6 млрд теңге игерілген. Сондай-ақ  облыста теңдесі жоқ «Батыр бабалар» музейі салынып,  Тұңғыш Президент - Ұлт көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар