Алматы облысында полицейлердің қызметтік көлігіне шыққан азамат ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тəртіп сақшыларының көлігіне шығып, ерсі əрекет көрсетіп суретке түскен азамат ұсталды. Ол 1989 жылы туған Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір аталған іске байланысты ҚР Əкімшілік Кодексінің 434-бабына сəйкес іс қозғалды. Оның əрекеті ұсақ бұзақылық деп бағаланды. Іс бірден сотқа жіберілген.

"1989 жылғы азамат полицейдің көлігіне дəрет сындырмаған. Тек сондай көрініс жасап, суретке түскен", - деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзекова.

Ерсі қылық жасаған азамат өз түсініктемесінде бұл əрекетіне "солай жасау қажет болды, жасадым" деп айтқан.

ФОТО әлеуметтік желіден алынды.

Соңғы жаңалықтар