Алматы облысында «PARADISE ZHETYSU» жобасы іске асырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісудың әсем жерлерін көрсету мақсатында «PARADISE ZHETYSU» жобасы дайындалған. 

Аталмыш жоба Жетісу жерінің тарихи деректеріне сүйеніп, облыстың туризм саласын насихаттауға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жоба авторларының бірі Әділбек Әбілов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс барысы өте қызықты болды. Өзім осы Жетісу өңірінде туғандықтан, бұл жобаны бар ынтамен орындауға тырыстым. Жалпы видеоролик жер жаннаты Жетісудың туризмін дамыту үшін дайындалған», - деді жоба авторларының бірі Талғат Шідербаев.

«PARADISE ZHETYSU» жобасында ұзақтығы 2 минуттық роликты  «Adobe photoshop», «Adobe Premiere», «Corel drow», «Houdini», «Maya», «3d element plagine» бағдарламалары арқылы жасаған.

 «Жобада өз тарапымнан 4 бағдарламаны қолдандым. Мен бірінші рет осы роликте 3д графикалық «Blender» бағдарламасын пайдаландым. Бұл бағдарлама тегін әрі ыңғайлы. Аталмыш  бағдарламада Жетісу жерін және Қазақстанның картасын модельдеп, қозғалысқа келтірдім. Дайын болған  видеоны «Adobe after effect» бағдарламасына  салып өңдедім»,- дейді Т.Шідербаев.

Айта кету керек, 5 адамнан құралған топ жобаны 2 ай ішінде дайындаған.

Соңғы жаңалықтар