Алматы облысында пара алған мектеп директорына үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек ауданында пара алған мектеп директорына сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқу орнының басшысы А.Ж. есімді азаматшадан 100 мың теңге көлемінде пара алған. Қызметтік бабын асыра пайдаланған директордың кінәсі дәлелденіп, оған алған парасының 50 еселенген сомасы көлемінде, яғни 5 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ мектеп басшысының мүлкі тәркіленіп, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте және ұйымдастырушылық-басқарушылық құқығындағы мемлекеттік ұйымдарда қызмет істеуге тыйым салынды.

Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындап прокурормен процессуалдық келісім жасалды.

Соңғы жаңалықтар