Алматы облысында оқушыны зорлаған жасөспірімге үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 11 сынып оқушысына үкім шықты. 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған 16 жастағы бала 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Панфилов ауданында болған. Айыпталған бала  да, жәбірленуші қыз да бір мектептің оқушылары.  Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші тарапқа  1,5 млн теңге материалдық және моральдық шығын төлеуі тиіс. Ал айыпталушы тарап, сот үкімімен келіспейміз деп отыр. Олардың сөзінше, жігіт қыз баланы зорламаған. Барлық жағдай қыздың келісімімен болған дейді. Ал жәбірленуші тарап болса, сотталушы әділ жазасын алғанын айтады.

Айта кету керек, бұл Панфилов ауданында болған алғашқы жағдай емес. Жақында ғана тағы да 13 жастағы қыз баланы 21 жастағы  жігіт зорлады деген іс тіркелді. Ал оқиға Жаркент қаласында болған. Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар