Алматы облысында оқушыны көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Алматы облысында оқушы қызды көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Қазір 21 жастағы студент тәртіп сақшыларына түсініктеме беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 31-ші желтоқсаннан қаңтардың 1-не  қараған түні болған. Іле ауданындағы Байсерке ауылында 16 жастағы қызды көлік қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кәмелет жасына толмаған баланың жанында анасы болған. Жәбірленуші ауыр жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Қыздың анасы тек көліктің түсін ғана айтты. Ал біздің мамандар оқиға орнынан көлік жарығының сынықтарын тауып, машинаның маркасы «Ауди» екенін анықтады. Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші де қолға түсті. 21 жастағы жігіт Алматы қаласындағы ЖОО студенті екен»,- деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір оқушы қызды қаққан көлік арнайы тұраққа қойылды. Мамандар жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткені тергеу барысында міндетті түрде ескеріледі деп отыр. Ал зардап шеккен 16 жастағы оқушы әлі дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар