Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Алматы облысында оқушы қызды зорлауға қатысты іс сотта қаралуда

Алматы облысында оқушы қызды зорлауға қатысты іс сотта қаралуда
2017 жылғы 13 қазан 11:47 4897

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында оқушы қызды 11 сыныптың баласы зорлап кетті деп айыпталуда. Оқиға Панфилов ауданында болған. Істі болып жатқан жасөспірім де, қыз да бір мектептің оқушылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір аталған іске байланысты Талдықорғанда сот отырысы жүріп жатыр. Жаға ұстатарлық жағдай тамыз айында болған. Жәбірленуші тарап іс бұрмаланып кетеді деп қауіптеніп отыр.

«Қазір мына айыпталушы тарап барлық жағдай қыздың келісімімен болған деп отыр. Олар билікті сатып аламыз дейді. Біздің ар-намысымыз қорланғаны аздай, енді былай деп жатыр. Біз заңсыздыққа жол бермейміз», - дейді жәбірленушінің туысы.

Ал жәбірленушінің заңды өкілі Кәмшат Есмұханбетқызы жігіттің бастапқыда мүлдем кінәсін мойындамай қойғанын айтады.

«Ана балаға аяушылық танытпайды емес, танытар едік. Бұл жерде бала кінәсін бастапқыда мойындамай қойды. Кейін тергеу амалдары басталғаннан соң, медициналық сараптама шыққан соң ғана кінәсін мойындады», - дейді ол.

Ал айыпталушы тарап оқушылар қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген дегенді айтады. Бірақ сот бітпейінше сұхбат бере алмайтындарын жеткізді. Жәбірленуші тараптың сөзінше, айыпталушы жеткіншек қызбен «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы сөйлесіп жүрген көрінеді. Түнгі он екілер шамасында оқушы қызды кездесуге шақырған күдікті алдымен арам пиғылын жүзеге асырып, артынша өзі үйге әкеп тастаған. Биыл 8-ші сыныпқа оқуы тиіс қыз әлі мектепке де бара алмай отыр. Ал, биыл 11 сыныпқа барып, партада отыруы тиіс Ернар қазір айыпталушы орындығында. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің соты жабық режімде өтіп жатыр. Келесі сот отырысы 18-ші қазанда жалғасады.

 

 

Басты сөздер: Сот, Алматы облысы, Қылмыспен күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер