Алматы облысында оқушы 16 жастағы баланы пышақтады деген күдікпен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғары сыныптың оқушысы 16 жастағы баланы пышақтады деген күдікпен ұсталып, қамауға  алынды. Қазір 17 жастағы оқушының үстінен адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалына сәйкес, 21 қараша күні  бірнеше жерінен пышақталған 16 жастағы бала Талғар қаласындағы ауруханаға түскен. Зардап шеккен жасөспірім осы қаладағы  колледждердің бірінде  оқиды екен.  Жедел ісдестіру барысында  талғарлық полицейлер 16 жастағы баланың қаладағы автовокзал маңында белгісіз біреумен төбелесіп, сол жерде ол бірнеше пышақ жарақатын алғанын анықтады.

«Талғар аудандық ІІБ-нің полицейлері күдікті азаматты екі тәулік ішінде анықтады. Қазір күдікті ретінде 17 жастағы жоғары сыныптың оқушысы тергелуде. Ол Райымбек ауданындағы мектептердің бірінде оқиды. Қазір күдікті оқушы ұсталып, қамауға алынды» деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ал күдіктіден алынған қалта  пышағы  айғақ зат ретінде тіркелді. Іспен Талғар ауданның тергеушілері айналысуда. Ал зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар