Алматы облысында науқастарға тегін ота жасалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында науқастарға тегін ота жасалды. Алматыдан арнайы Сарқан ауданына келген медицина ғылымдарының докторы құны бір млн. теңгеге бағаланатын екі операцияны бір сағатқа жеткізбей сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Қалқанша безі ісініп, ауруы асқынған жанның бірі Айгүл Ербаева. Сарқандық тұрғын бұл дерттің азабын  10  жылдан бері тартып келеді. Тек Алматы сынды ірі қалаларда жасалатын ота ол үшін өте қымбат болған. Ауруы асқынған жандарға құны бір млн. теңгеге жуықтайтын осы операцияны хирург қайырымдылық ретінде тегін жасап берді. Тегін ота жасатқан  тағы бір науқас -  78 жастағы әже. Қалқанша безіне жасалған қос операция  да сәтті аяқталды.
null 

Сарқан ауруханасында болашақта күрделі операциялар ұдайы жасалып тұруы мүмкін. Нұрлан Арын ауданның бас дәрігерімен осы жөнінде кеңесті. Сонымен қатар дәрігер аудандағы әріптестеріне шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Нұрлан Мұхтарұлы елімізде балалар бауырының зақымданған бөліктерін алып тастау сияқты операцияларды алғаш қолға алған маман. Қазірге дейін 25 мың адамға ота жасап, соның 800-ден астамын тегін іске асырды.
null 

Соңғы жаңалықтар