Алматы облысында мыңнан аса өрт дерегі тіркелді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында 1095 өрт дерегі тіркелді. Салдарынан 17 адам көз жұмып, 24-і жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан тыс улы газдан 23 тұрғын уланып, жартысына жуығы тілге келместен көз жұмған. Бұл жөнінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  мамандары   өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.

Мамандардың пікірінше, халық әлі де болса, қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарайды. Сондықтан, төтенше жағдай қызметкерлері жылыту маусымы алдында айлық өткізіп, үйді-үйлерді аралап жүр. Жиі өрт тіркелетін аймақтарды тексеріп, қысқа дайындық барысын қадағалауға кіріскен. Болашақта жеке тұрғын үйлерге дабыл қондырғысын орнату да жоспарларында бар. Сонымен қатар, брифинг барысында судағы қауіпсіздік пен орман өртін болдырмау мақсатында жасалып жатқан шаруалар жайында да хабардар етті. Ең бастысы мамандар қазір төтенше жағдайлар санын азайтуға барынша күш салып жатқанын айтады.

Соңғы жаңалықтар