Алматы облысында мұғалім асылып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бастауыш сынып мұғалімі асылып қалды. 23 жастағы Денис Сорокиннің өлі денесі ағашқа асылып тұрған жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың сөзінше, Денис Сорокин  Алматы облысында мұғалім болып жұмыс істемеген.

«Денис Сорокин  Ақмола облысының тумасы. Көкшетауда білім алған. Бастауыш сынып мұғалімі екені рас. Ол тамыз айында Еңбекшіқазақ ауданының  Есік қаласындағы мектептерге жұмыс сұрап келген. Бірақ Денис бізге жұмысқа орналаспады», деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына ғашығымен ренжісіп қалғаны себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар