Алматы облысында мемлекеттік қызметтің сапасын бақылайтын жоба жүзеге асырылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Құпия сатып алушы» әдісі арқылы бақылау жүргізіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба барысында мемлекеттік қызмет көрсететін 46 ұйымды бақылады. Қорытынды бойынша 56 заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Жалпы заң бұзушылық адамдардың болып жатқан заңға қайшы мәселеге немқұрайлықпен қараудан басталады. Мысалы, делдалдық көмек көрсететін заңсыз «көмекшілердің» болуы, олардың   «жүргізуші куәлігін» алаушыларға қызметтің жылдам көрсетілуіне көмектеседі. Бұндай делдалдар көбіне облыс орталығынан шалғай жатқан аудандарда орын алып жатады. Осымен күресу,алдын алу және бақылау біздің міндетіміз», - деді департамент басшысының орынбасары Сабырбаев Данияр.
null 

Алдағы уақытта Алматы облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру,  қағазбастылық пен бюрократизмнен арылу үшін «Құпия сатып алушы» жобасы тұрақты түрде жалғасатыны айтылды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар