Алматы облысында лай көшкіні жүрді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданының аумағында түнгі сағат 00.45-те Талғар өзенінің бөгетінен 500 метр жерде лай көшті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Сырғыған жер көлемі 50 мың текше метрді құрады. Лай Талғар- «Спутник» демалыс үйі тасжолын басып қалды. тұрғындар мен көлік қозғалысын шектеу мақсатында оқиға орнында тәртіп сақшыларының күзеті қойылды. Лай көшкен аумақты бақылау және оқиға қайталанған жағдайда жылдам хабарлау үшін Талғар өндірістік-пайдалану бөлімінің мамандары мобильді бекет ұйымдастырды.

Қазіргі таңда ол жерде Талғар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясы мен ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» мекемесі Талғар учаскесінің мамандары жұмыс істеуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолды тазалау және қалпына келтіру жұмыстарымен «Алматы жолдары» ЖШС айналысады.

Соңғы жаңалықтар