Алматы облысында Қызыл кітапқа енген аңдарды атып алған браконьер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық пен дуадақты атып алған алматылық ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жамбыл ауданының орман дала аймағында полиция және табиғатты қорғау органының қызметкерлері күдікті басқарған «Тойота-Лендкрузер» көлігінен 4 қарақұйрық пен 1 дуадақты тапты. Бұдан басқа ер адамнан тексеру барысында рұқсат құжаты жоқ 2 атыс қаруы тәркіленді.

Болжам бойынша Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аң мен құсты браконьер жақын маңдағы орналасқан мемлекеттік қорықшаның аумағынан атып алған.

«Аталмыш іс бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген жануарлардың денесі биологиялық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, өткен 2016 жылы Алматы облысының аумағынан 1 538 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу анықталып, оның 457-і бойынша ұсталғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Соңғы жаңалықтар