Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер арнайы операция барысында қылмыстық топты құрықтады. Күдіктілер пәтер тонаумен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында Талғар ауданында қылмыстық топтың 20-25 жас аралығындағы 3 мүшесін қолға түсірді. Олардың бәрі де бұрын істі болған азаматтар.

Ұсталғандардың 32 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді. Олар үйлерге пластикалық терезелерді бұзу арқылы кіріп отырған. Пәтерлерден ұрылар компьютерлік техника, телевизорларды, зергерлік бұйымдар және басқа да құнды заттарды қолды етіп жүрген.

Қазірдің өзінде жәбірленушілерге 7 млн теңгеден астам шығын келтіргені анықталды. Тәртіп сақшылары ұрланған заттардың бір бөлігін арзан бағамен сататын азаматтан тауып алған. Талғар аудандық ІІБ қызметкерлері қазір оны да қылмыстық жауапқа тарту мәселесін қарастыруда. Ал аудандық сот шешімімен күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар