Алматы облысында күйік шалған бала емделу үшін Сеулге жіберілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұратын 7 жасар Николай емделу үшін Оңтүстік Кореяға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Милосердие» ерікті қоғамы» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Саинның айтуынша, күйік шалған Николай Классен емдеудің алғашқы кезеңінен өту үшін 23 ақпанда әлеуметтік жұмысшымен бірге Сеулге ұшып кеткен.

Қоғам белсендісі баланың айығуына сенім білдіріп, көмектескендерге алғысын айтты.

«www.detdom.kz сайтында көптеген қайырымды жандар онлайн режимде қаражат аударды, 9099 нөміріне смс жіберіп, жанашырлық танытты. Қысқа уақыт ішінде 3 852 412 теңге қаражат жиналды. Жанашыр демеушілеріміздің бірі Samruk-Kazyna Trust 30 000 мың доллар қаржы аударады. Бұдан бөлек, есімін жарияламауды сұраған тағы бір демеушіміз бар. Алматы облысының фермерлері арнайы аукцион өткізді. Баршаңызға рахмет!», - дейді Аружан Саин.

Еске сала кетейік, баланы 2015 жылы пештің жарылуынан тұтанған өрттен күйік шалған болатын. Кейін белгілі болғандай, маскүнем анасы бала мен оның әпкесіне дұрыс қарамаған, балалар мектепке бармаған. Осы жайт қоғам белсендісі Аружан Саин 2017 жылдың желтоқсанында балаға көмек қажет екендігі туралы жұртқа жария салған соң, ел ішінде абыржу тудырған еді.

Астанада баланың қолына ота жасалды, бірақ денесінің басқа бөліктеріне жасанды тері жапсыру қажет еді. Ол ота Оңтүстік Корея астанасындағы «Ханган Сонсим» емханасында жасалады.

Соңғы жаңалықтар