Алматы облысында құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Долдаұлы Тәкенов облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болат Долдаұлы Тәкенов 1958 жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын құрылыс-инженері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Талдықорғанөндірісқұрылыс» тресі «Зауытқұрылыс» құрылыс-монтаж басқармасының учаске шебері болып бастаған.

Әр жылдары «Талдықорғанөндірісқұрылыс» тресі «Зауытқұрылыс» құрылыс-монтаж басқармасының № 1 учаскесінің прорабы, №47 құрылыс-монтаж басқармасының бас инженері, «Қалақұрылыс» құрылыс-монтаж басқармасының бастығы, Талдықорған қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Талдықорған қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, «Алатау-Холдинг» жеке инвестициялық компаниясының президенті, Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы Экономикалық қордың директоры, «Қорғас» МКК бас директоры, «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті, Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

null 

2012 жылдың наурызынан - Алматы облысын дамыту бойынша «Алатау» АҚ басқарма төрағасы болды.  

 Ал бұған дейін Алматы облыстық құрылыс басқармасын басқарған Темірлан Бектасовтың Панфилов ауданының әкімі болып тағайындалғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар