Алматы облысында құны 42 млрд. теңге болатын бірнеше меморандумға қол қойылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында Талғар ауданының тумалары туған жерінде бас қосты. «Талғар инвест» жерлестер форумында жалпы құны 42 млрд. теңге болатын бірнеше меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болашақта жүзеге асатын инвестициялық жобаларға бесағаштық жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков те өз үлесін қоспақ. Ол «Туған жер» бағдарламасы аясында құны 100 млн. теңге болатын көлемі 485 шаршы метрлік спорт залын тұрғызып, ауыл әкімшілігінің игілігіне тапсырмақшы. Сондай-ақ Бесағаш ауылдық округінде 75 гектар аумаққа көпсалалы туристік-сауықтыру экокешені де салынатын болады. Ауқымды инвестициялық жобалардың ішінде Талғар өзенінің жағалауын нығайту жұмысы да бар. Бұл жобаның жалпы құны 6 млрд. теңгеден асады.
null 

Жалпы Талғар ауданында «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде көптеген игі істер атқарылуда. Оның аясында Панфилов, Төңкеріс ауылдарында жаңа мешіт халық игілігіне беріліп, Береке ауылында көпір салынды. Тұздыбастау ауылындағы мәдениет үйінде өлкелік музей ашылды.
null

Айта кету керек, бүгінгі «Талғар инвест» жерлестер форумы ауданның ең көрікті демалыс орындарының бірі саналатын «Сегіз көл» кешенінде өтті.

null 

Соңғы жаңалықтар