12:39, 17 Сәуір 2018 | GMT +6
Алматы облысында көші-қон полициясының қызметкерлері парамен ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданының көші-қон полициясының инспекторы мен бөлім басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Іле ауданының көші-қон полициясының инспекторы мен бөлім басшысының үстінен ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы және 394-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, материал сотқа жетті», деп мәлім Алматы облысының соты.
Аталған іс Іле аудандық сотында 19 сәуір күні қаралады. Ведомствоның мәліметінше, көші-қон полициясының инспекторы 120 мың теңге пара алып тұрған жерінен ұсталған. Ал бөлім басшысы оқиға орнынан қашып кетіп, артынша қолға түскен.