Алматы облысында қос басылым бір ғасырлық мерейтойын тойлайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының бас басылымдары - «Алатау оттары» және «Жетісу» газеттері 100 жылдық мерейтойын тойлайды. Ауқымды шараның құрметіне Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте мерейлі мерекеге дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Тағдыр бізге осынау бір абыройлы кезеңде еңбек ету бақытын жазды, қазір тек Жетісу өлкесінің ғана емес, бүкіл республикамыздың тарихи басылымдары 100 жылдығын атап өтуде. Біз екі газеттің бес жүз миллионыншы данасы жарық көрген тұста жиын өткізіп, келер жылы ғасырлық мерейтойымызды тойлау жоспарымызды халықпен бөлісейік деп шештік», - дейді «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов.

Газет редакторлары Әміре Арин мен Атсалым Идігов газеттің тарихы жайлы қысқаша әңгімелеп, журналистік еңбек қашанда халықтың мүддесі жолында қызмет етіп келгенін айтты.

Мерейтой шараларын ұйымдастыруға облыс әкімі Амандық Баталов қолдау көрсетіп отыр. Соның арқасында мерейтой аясында газеттің тарихына арналған кітаптарды баспадан шығару, журналистер аллеясының ашылуы, айтыс ұйымдастыру, шығармашылық кештер мен байқаулар, оқырмандармен кездесу өткізу сияқты көптеген шаралар жоспарланып отыр.

Брифинг соңында журналистер газеттердің мерейтойлық данасына қолтаңба жазып, оқырмандарға табыс етті, сондай-ақ халық мүддесі жолында талмай еңбек ететіндіктерін айтты.

Соңғы жаңалықтар