Алматы облысында көлік апатынан 6 адам ажал құшты

None
None
      ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында көлік апатынан 6 адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жантүршігерлік көлік апаты Бақанас-Қапшағай тас жолының Миялы ауылы маңында болған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

«Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті медициналық сараптамалардың барлығы тағайындалды. Аталған іс Алматы облыстық анықтау басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

6 адамның өмірін қиып, 5 адам зардап шеккен көлік апаты кеше кешкісін сағат 19:00-дер шамасында болған.

Соңғы жаңалықтар