Алматы облысында Кеген ауданы құрылғалы жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Алматы облысының Райымбек ауданы ресми түрде екі ауданға бөлінетін күн алыс емес. Бұл туралы өңір басшысы Амандық Баталов халық алдындағы есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр облыстық мәслихат сессиясында Райымбек ауданын Кеген және Райымбек аудандарына бөлу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ бұл ұсыныс Елбасының қатысуымен өткен жиында қолдау тауып, мақұлданды. Үкімет тарапынан облыс әкімі Амандық Баталовқа барлық шығындарды есептеп, тиісті құжаттарды реттеу мәселесі тапсырылған болатын. Өңір басшысы қазіргі таңда қаржы жағы шешіліп, дайындық жұмыстары басталып кеткенін айтты.

«Аудандарды бөлу үшін 2,4 млрд теңгедей қаржы қажет. Нарынқол ауылында көшелерді абаттандырып, ауыз су мәселесі шешілді. Комиссияны жіберіп, мекемелерге қандай ғимараттар керек екенін анықтап алдық. Сондай ақ Кеген ауданының орталығы Кеген және Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылдары болатыны нақтыланды. Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысы шығуын күтіп отырмыз», - деді Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов.

Соңғы жаңалықтар