Алматы облысында қар жауып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар жауып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Қар аралас жаңбыр қазір Кеген, Нарынқол сияқты таулы аудандарда байқалып отыр.

«Казгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің инженер синоптигі Илиева Арзыгүлдің айтуынша, қазір аталған ауданда ауа температурасы  1 градус жылылықты көрсетіп тұр.

«Кеше бұл ауданда түстен кейін жаңбыр жауа бастаған. Жаңбырдың арты қарға ұласты. Таулы аймақтарда 0+5 градус шамасында қар аралас жаңбыр жаууы қалыпты жағдай. Ертең мұнда күн ашылады. Орташа ауа температурасы жалпы Алматы облысында +23 градус деп болжап отырмыз. Ал Нарынқол, Кеген сияқты таулы аймақтарда одан сәл төмен болады», - деді инженер синоптик Илиева Арзыгүл.

Айта кету керек, кеше әлеуметтік желі қолданушылары Шымбұлақ, Мыңжылқы арасында қар түсті деген ақпарат таратып, суреттерін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар