Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында Түрген өзені бассейнінде қар көшкіні жолды басып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазселденқұтқару» ММ-ға сілтеме жасап.

«2018 жылғы 30 қаңтарда Түрген өзені бассейнінде Түрген ауылы - Батан шатқалы автожолында 4 рет табиғи қар көшкіні болып, жалпы көлемі 390 текше метрді құрады», - делінген хабарламада.

Қардың көшуіне 29 қаңтарда Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулері себеп болған.

Қазіргі кезде автожол тазаланған. Құрбан болғандар мен қирандылар жоқ.

Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне, Түрген ауылдық округіне автожолдарды қардан тазалау шаралары жөнінде хат жіберілді», - дейді Қазселденқұтқару мемлекеттік мекемесіндегілер.

Соңғы жаңалықтар