Алматы облысында қант импортын азайту мәселесі алға қойылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасын дамыту бағытында қолға алынған шаралардың нәтижесінде облыс тұрғындарының қантқа деген сұранысының 84% қанағаттандыруға, сол арқылы импорттың көлемін азайтуға мүмкіндік бар. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлім болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есепті кездесуде айтылған мәліметтерге сүйенсек, соңғы екі жылда Алматы облысында қант қызылшасын себу 6,5 мың гектарға жеткізілген. 10 сервистік-дайындау орталықтары құрылған. Тағы 4-еуі биылғы жылы Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында ашылады.

«Биылғы жылы қант қызылшасының егістік алқабын 9 мың гектарға жеткізуді, одан 300 мың тонна өнім жинап, 30 мың тонна қант алуды жоспарлап отырмыз» - деді А.Баталов.

Сонымен қатар өнім қабылдауға қолайлы жағдай жасау мақсатында қызылша жинайтын қосымша екі алаң дайындалады. Оның бірі Сарқан ауданының Қойлық ауылында орналаспақ. Ол жақтан зауыт шаруаларға көлік шығынын артпай, өнімді өзі тасымалдап жеткізеді. Екіншісі жаңа өнім жиналғанша іске қосылады деп жоспарланып отырған Ақсу қант зауытының жанынан ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар